Егер қарныңыз ашып, мазаңыз қаша бастаса, 1 дана жұмыртқа мен бір ақуызды қосып, пісіріңіз. Сонда калориясы азайып, зиянды тағамға айналмайды.
«Кешкі сағат 18:00-ден кейін тамақтанба!» – дей ме диетологтар? Иә, әрине көбі осылай дейді. Дегенмен, олардың арасында ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын тамақтансаң болғаны деп кеңес беретіндер де табылады екен. Егер ашқарынға ұйықтайтын болсаңыз – сізді ұйқысыздық пен асқорыту жүйесінің жұмысы мазалайтын болады. Сол себепті де өзіңізді қатты қинамаңыз. Қатты қарын ашқан жағдайда тамақ жеу керек дейді мамандар.
Үйіңізге жұмыстан тым кеш келсеңіз де алдымен тамақтанып, 1 сағаттан кейін ұйықтағаныңыз дұрыс. Бірақ денсаулығыңыз бен сымбатыңызға зиянын тигізбейтін азық-түлікті таңдасаңыз болғаны.
Түнгі уақытта құнарлы тағамды азырақ жеуге немесе мүлде жемеуге тырысыңыз. Кешкі асқа ең дұрысы ақуызға бай тағамдарды қолданыңыз. Әсіресе біз ұсынатын мына тағамдар кешкі уақытта жесеңіз де, ағзаға зиянын тигізбейді.
1. Майсыз балық
Кешкілік қарныңыздың ашқанын сезсеңіз, 100 гр. ақуызға бай балық жеуге болады. Оны қуырмайсыз. Буға немесе пешке пісіруге мүмкіндігіңіз бар. Балыққа кілегей немесе ірімшік қосып пісіруге болмайтынын ескертеміз. Нәлім балық, көксерке, минтай балықтары қолжетімді әрі калориясы да төмен. Осы аталған балықтардың кез келгенін алып, мұздатқышқа салып қойсаңыз, керек уақытында пісіріп жей бересіз.
2. Қышқыл сүт тағамдары
Кешкі асты ертерек ішіп алып, енді ұйықтар кезде қарныңыз шұрылдай бастады ма?
Ендеше 1 стақан айран ішіп алыңыз. Айран адамның тәбетін басып, ішектің микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Ал, айраннан да дәмдірек бірдеңе ішкіңіз келсе, табиғи йогуртқа жидектер мен азырақ жаңғақ қосып ішсеңіз болады. Осылайша көңіл күйіңіз де көтеріліп, тыныш ұйықтайтын боласыз.
3. Тауық еті
Маринадталған тауықтың төс еті мен күркетауық еті қарын ашқанда жақсы азық бола алады. Тауық етін де балық секілді буға немесе пешке пісіріңіз. Гарнирге қайнатылған көкөніс немесе жеңіл салат жеңіз. Ең бастысы тағамның мөлшеріне мән беру керек. 150 грамнан артық жесеңіз, оны қорыту қиынға соғады. Жұмыртқа қайнатылған немесе құймақ ретінде дайындалған жұмыртқаны таңертең ғана емес, кешке жеген де пайдалы. Егер қарныңыз ашып, мазаңыз қаша бастаса, 1 дана жұмыртқа мен бір ақуызды қосып, пісіріңіз. Сонда калориясы азайып, зиянды тағамға айналмайды.
4. Теңіз өнімдері
Асшаяндар мен кальмарлар таптыврмас кешкі ас болатынын естеріңізге саламыз. Ақуызға бай теңіз өнімдерін авокадомен, аскөкпен қосып дайындасаңыз, тез сіңеді. Бұл өнімдерден өте пайдалы тағам шығады. Оны түннің ортасында да жеуге болады.
5. Жаңғақ
Нәрлі әрі пайдалы жаңғақтарды ұйқыға жатардан алдын жеуге болады екен. Мысалы, азырақ бадам жаңғағының өзі қарынның ашқанын басып әрі ағзаны магниймен, В тобындағы дәрумендермен қанықтырады. Бірақ та өте абай болу керектігін ескертеміз. Себебі, жаңғақ өте құнарлы тағам. Сондықтан да 8 данадан артық жеуге болмайды. Егер жаңғақ қарныңыздың ашқанын баспаса, қосымша айран немесе табиғи йогурт ішуге болады.
6. Көкөністер
Көкөністерді қайнатып, пісіріп жейтін болсаңыз немесе езбе жасап жегіңіз келсе бұл өте пайдалы тағам болмақ. Ал, фигураңызға ерекше мән беріп, сымбатыңызды құртып алудан қорықсаңыз, аскөк пен салат жапырағын, брокколи, қызанақ пен қияр, балдыркөкті қалауыңызша жесеңіз болады. Кешкі ас кезінде кәді, баялды, асқабақ, азырақ картоп пен сәбізге басымдық беріңіз. Алайда майға қуырудан аулақ болу керек. Бұдан бөлек кешкі астан соң майсыз ірімшік, фасоль, және цитрусты жемістерді жеген пайдалы. Дегенмен, қай тағамды жесеңіз де, мөлшеріне мән беруді ұмытпаңыз.
Дереккөз: Ernur.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!