Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жалағаш жаршысы» жаңа белесте

05.12.2024

253 0

Сонау 1934 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылымның бүгінде 90 жылдық тарихы бар. Газет сол уақыттан бері оқырмандарын ауданның тыныс-тіршілігінен хабар етіп келеді. Аталған басылымның 90 жылдық мерейтойына орай бүгін аудандық Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйінде танымдық конференция өтті.

Өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, тамыры тереңнен бастау алатын басылым алғаш рет «Колхозшы» атымен жарық көріп, кейін «Күрішшілер», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» атауымен оқырманға жол тартқан. Ал 1993 жылдан бүгінге дейін газет атауы «Жалағаш жаршысы» болып жарық көріп келеді.

Газеттің 90 жылдық тарихында өңір жылнамасы мен тарихи сәттердің шежіресі жатыр. Осы уақыт аралығында бұл газет елдің көкейіндегісін айтып, еңбеккердердің ерен еңбегін жариялаған басылым бола білді.

Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов пен сала ардагерлері газеттің өткені мен бүгінін саралап, тұшымды ойларымен бөлісті.

– Ауданның жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Жалағаш жаршысы» газетінің қаламгерлері де зор үлес қосты деп айтуға болады. Аудандық газетте әр жылдары қызмет атқарған Т.Сарыбаев, А.Сәдібеков, Т.Дайрабаев, И.Шахаров, С.Баймаханов, Т.Тәшенов, М.Ілиясов, М.Аяпов, Ж.Сарбалаев, Қ.Нұрғалиев, А.Бекарыстанов, Б.Уызбаев, І.Мұстафаев, Б.Шайланов, Ж.Әбжәмилов, А.Тілеулиев, Қ.Нұрханов, Т.Ахметов сынды қарымды қаламгерлер өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Кез келген өңір үшін ақпараттық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі айрықша басымдық алып, газеттің баспа нұсқасымен бірге электрондық жүйесін қатар дамыту талабы қойылып отыр. Газеттің электронды нұсқасы әзірленіп, бүгінде әлемнің қай түкпірінен оқимын деген адам болса да мүмкіндік бар. Газет сайтына жергілікті жаңалықтармен қатар әлемде болған оқиғалардың ақпараттары беріліп отыр, – деді Ғани Кенжеғараұлы.

Сондай-ақ конференцияда ішкі істер саласының ардагері, доғарыстағы полковник, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Әмірбек Шаймагамбетов, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Марат Аралбаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, қарымды қаламгер, белгілі журналист, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, ақын Бейбітбек Бүркітбайұлы, кент ардагерлері кеңесінің төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Құлмахан Қожатай менҚазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, қаламгер-ардагер Рысбай Кәрімов және газеттің байырғы редакторы, ақын, ардагер-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Бертаев сөз сөйлеп, газет тарихына кеңінен тоқталды.

Тарихы терең басылымның қалыптасуына алдыңғы аға буын өкілдері, қарымды қаламгерлер үлкен үлес қосты. Әрине, олардың еселі еңбектері ел жадында мәңгі жаңғырмақ.

«Жалағаш жаршысы» газеті – аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры терең басылымдардың бірі. Сондықтан да «Жалағаш жаршысы» газетінің мерейтойы тек журналистердің ғана емес,  аудан тұрғындарының да ортақ мерекесі.

Босқосудың соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттандыруға үлес қосып жүрген бірқатар журналистер мен сала ардагерлері және газет таратушылар марапат төрінен көрініп, құрметке бөленді. 

«Жалағаш жаршысы» жаңа белесте
«Жалағаш жаршысы» жаңа белесте

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: