Сәрсенбі, 20 қараша, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жалғызбасты аналар үй кезегіне тұруы үшін не білуі керек?

26.01.2023

1117 0

Қазір кез келген адамның бас қайғысы тұрғын үй екені жасырын емес. Әсіресе, бұл жағдай жалғызбасты аналарға қиын соғады. Massaget.kz тілшісі мамандармен сұхбаттасып, жалғызбасты аналар үй кезегіне тұруы үшін не істеуі керек екенін сұрады.

Тұрғын үй алу саласындағы сарапшы Динара Бердалы Қазақстанда жалғызбасты ана категориясы жеке қарастырылмайтынын айтады. Алайда мұндай адамдар әлеуметтік осал топ қатарына, яғни толық емес отбасыларға жатады екен. 

«Қазақстанда үй алу кезегіне тұратын әлеуметтік осал топтар бар. Олардың біріне толық емес отбасылар жатады. Жалғызбасты ана деген жеке категория жоқ. Мұндай адамдардың кезекке тұруға және аз пайызбен беретін мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларға қатысуға құқығы бар», – дейді маман.

Жалғызбасты аналар тұрғын үй кезегіне тұру үшін басты екі шарт бар екен.

«Ең алдымен өтініш беретін қалада 3 жыл тіркеуде болуы керек. Қазақстан бойынша кейінгі 5 жыл ішінде үй де, жер де болмауы керек», – деп түсіндірді маман бұл туралы.

Қазір бұл қызмет түрін онлайн түрде алуға да болады екен.

«Әр қаланың әкімшілігінде Тұрғын үй департаменті болады. Мысалы, Алматы қаласы Тұрғын үй департаменті Достық көшесінде орналасқан. Сол жерге барып кезекке тұруға болады. Бірақ одан бөлек, kezekte.kz деген сайты бар. Қазақстандықтар осы сайт арқылы кезекке тұрып немесе тұра алмайтынын анықтай алады. Кейде тіпті кезекке тұра аламын деген адамдардың атында жер болып жатады. Сол себепті кезекке тұра алмайды. Сондықтан электронды цифрлық қолтаңбаны алып, сол сайт арқылы кезекке тұруға болады. Бірақ әлеуметтік осал топқа жататыны тексеріледі», – дейді Динара Бердалы.

Тұрғын үй алу саласындағы сарапшы Жаннұр Нұрланова кезекке тұратын кезде ескерілетін бір шартты атады.

«Алматыда тұратын тіркеу қағазы, 18 жасқа толмаған баласы болса, жалғызбасты аналар толық емес отбасы деген категориямен кезекке тұра алады. 15 жұмыс күнінен кейін жауабы келеді», – Жаннұр Нұрланова.

Қандай құжаттар керек?

Тұрғын үй алу үшін азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар ұсынады:

  • тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
  • некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
  • еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызмет тізімінен үзіндіні;  
  • басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;
  • өтiнiш берушiнiң (отбасының) осал топқа жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің кейінгі он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәліметтер (коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.

Тұрғын үй комиссиясы өтініш беруші көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді беру не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: