Жұма, 04 қазан, 07:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жыл келгенін алғаш балық сезген…

03.03.2021

1636 0

Күн мен түннің теңеліп, жаңа жыл басталғанының белгісі туралы аңыз-әңгімелер көп. Мұсылман күнтізбесі бойынша 22 наурыз– жыл басы, күн мен түннің теңелген күні. Бұл Самарқанның көк тасы еріген күн деп айтып жатады. Кейбір деректерде жаңа жыл туғанын жаңа жыл келгенін балық білген деп жазылады.

Бұл туралы қазақтың белгілі ақыны, этнограф-ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Ұлыстың ұлы күні» атты шығармасында былайша суреттеледі: «Жаңа жыл келгенін жандыда балық, жансызда Самарқанның көк тасы біледі. Балық білетұғынын сонан байқаған. Наурызнама той қылатұғын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстап алып, бір керсен суға салып, көптің алқасына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады қарындары жарқырап. Ілезде екінші балықтар аунаған жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады. Ескі жыл шықты, жаңа жыл кірді деп. Сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той-тамаша береді, жаңа жыл тойы деп.

…Бұрынғы заманда наурызнаманың қадір-құны астан-тойдан ілгері болады екен» деп жазады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: