Сенбі, 21 желтоқсан, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

26.12.2021

2026 0

Жаңа жылға дастархан дайындау — жағымды әсер сыйлайтын және шығармашылықты қажет ететін іс. Дастарханға қойылатын тағамдарды ойластырудан бөлек жалпы үстелді ерекше стильде безендіруге болады. Ол отбасыңызға және қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Ендеше, дастарханды қалай безендіруге болады?

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

Торлы принтті қолдану
Қызыл және жасыл түстер жаңа жылмен байланыстырылады. Сондықтан декорға осы екі түсті немесе екеуінің біреуінен тұратын торлы принтті пайдалануға болады. Мысалы, қызыл торлы принтті дастархан сатып алыңыз. Алайда мұндай дастарханға қоятын ыдыстарыңыздың ешқандай артық суреті болмағаны жөн. Керісінше жасауға да болады: біртүсті дастарханға торлы принтті детальдар қойыңыз. Ол торлы майлықтар және акссессуарлар болуы мүмкін.

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

Әшекейленген тізбек жасау
Тіктөртбұрышты үстелдің қақ ортасына ұзынынан тізбек жасауға болады. Оны шырша ойыншықтарынан, шырша бүршіктерінен немесе бұтақшаларынан жасап, моншақтармен немесе шамдармен толықтыруға болады. 

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

Майлықты безендіріп қою
Қазір интернеттен майлықты қалай жаңа жыл стилінде, мысалы, шырша етіп жасауды оңай табуға болады. Сондай-ақ әр қонаққа майлықтың қасына тәтті сыйлық қалдырсаңыз болады. Ол печенье немесе кәмпит болуы мүмкін.

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

Дастарханға гүлсауыт қою
Үстелге гүлі бар ваза қойсаңыз, ол дастарханды бірден жайнатып жібереді. Жаңажылдық дастарханда қарапайым гүлді шырша бұтақшалары мен бүршіктеріне ауыстыруға болады. Сондай-ақ әйнек вазаның ішін шырша ойыншықтарымен толтырсаңыз да, ол ерекше әдемі көрінеді.

Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея

Жемістерді ерекшелеп қою
Кей үй ханшайымдары мерекелік дастарханға жеміс-жидектерді, соның ішінде мандариндерді ыдысқа салмай-ақ, дастарханның үстіне әдемі етіп жайып тастайды. Осылайша, дастарханды жемістермен де безендіруге болады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: