Жексенбі, 24 қараша, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жиын-терім аяқталуға жақын: Астық сақтайтын қоймалар жеткілікті ме

19.09.2024

249 0

Фото: ҚазАқпарат

Елімізде астық жинау жұмыстары аяқталып қалды. Ендігі мақсат – сақтау шараларын жүйелі ұйымдастыру. Осы ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласып, астық сақтайтын қоймалардың жағдайын сұрап білген едік,-деп хабаралайды KAZINFORM.

Белгілі болғандай, елімізде сақтау сыйымдылығы 13,2 миллион тоннадан асатын 191 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар екен.

«Астықты қабылдау үшін астық өңдеу зауыттарының материалдық-техникалық базасын дайындау жұмыстары жоспарлы жүргізілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде сыйымдылығы 15,8 млн тоннаны құрайтын астық сақтау қоймасы бар. Болжанған астық көлемін ескерсек, контейнерлер астықты сақтауға жеткілікті», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін жаңа астық қоймаларын салу және қолданыстағыларын кеңейту арқылы элеваторлық қуатты арттыру жөнінде шаралар қабылданған. Осылайша, 2024-2026 жылдары сыйымдылығы 30,2 мың тоннаны құрайтын 5 астық қоймасын іске қосу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 8 млн тоннаға жуық астық бастырылған жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: