Сейсенбі, 19 қараша, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жүгері шашағының пайдасы мол

13.06.2021

1421 0

Жүгерінің шашағы сан түрлі емге дәру екен. Ер-азаматтардың жыныс жолдарындағы ауруды емдейді, қуатын арттырады. Әйелдердегі гинекологиялық аурулардан айықтырады. Балалардың ішегіндегі құрттарды жояды.


БАУЫРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН

Ұсақталған жүгері шашағының 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластырыңыз. Стақанның бетін жауып, ыстық су құйылған ыдысқа салыңыз. Шамамен 20 минуттай бұлау жасау керек. Белгіленген уақыттан соң стақанды алып, балалардың қолы жетпейтін жерге қоясыз. 40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішесіз. Емді тамақтан соң күніне 4 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2-3 апта.

БҮЙРЕКТІ ЕМДЕУ ҮШІН

50 гр. ұсақталған жүгері шашағын 0,5 литр суға салып, баяу отта қайнатасыз. 5-10 минуттай қайнаған соң отын сөндіріп, тұндырып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан кейін сүзіп алып, аз-аз жұтымнан күні бойы ішіп таусытыңыз. Емделу ұзақтығы – 2 апта. Бұл тұнба бүйректің жұмысын жақсартады, несеп жолдарын тазалайды, ісікті қайтарады, циститке ем болады, бүйрек пен өттегі тасты түсіреді.

ЦИСТИТТІ ЕМДЕУ ҮШІН

1 ас қасықтан жүгері шашағы мен салаубас (бессмертник) шөбін 0,5 литр қайнаған суға саласыз. Қоспаны ыдысымен ыстық суға салып, 15 минуттай бұлау жасайсыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 30 мл-ден күніне 4 рет ішіңіз. Емделу уақыты – 1 ай.

ӨТТІ ЕМДЕУ ҮШІН

50 гр. кептірілген шашақты 150 мл жылы суға салып, қақпағын жабасыз. Оны ыдысымен ыстық суға салып, бұлау жасау керек. Шамамен 15-20 минуттан соң стақанды алып, тұндырып қойыңыз. Салқындаған кезде қабатталған дәкемен сүзіп алып, 100 мл қайнаған сумен араластырасыз. Дайын болған емдік сусынды 1 ас қасықтан тамақтанудан алдын күніне 3-4 рет ішіңіз. Емделу мерзімі – 2 апта. Араға 14 күн үзіліс жасап, екінші рет жалғастырсаңыз, өт ауруларынан түбегейлі айығасыз.

ҰЙҚЫ БЕЗДІ ЕМДЕУ ҮШІН

30 гр. жүгері шашағын 1 стақан суға салып, отқа қойыңыз. Баяу отта 5 минуттай қайнатып алып, қақпағын мықтап жабыңыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, ашқарынға 1 ас қасықтан ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу ерек.

ГАСТРИТТІ ЕМДЕУ ҮШІН

2 ас қасық жолжелкен (подорожник) мен қалақай (крапива) шөбін және 1 ас қасық жүгері шашағын араластырып термосқа салыңыз. Үстіне 0,8 литр қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 3 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 аптадан 8 аптаға дейін жалғасады.

АНЕМИЯДАН АЙЫҚТЫРАДЫ

4 ас қасық шашақты 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан әр 2 сағат сайын шай ретінде ішіңіз. Емді тамақтан соң жүргізу керек. Бұл тұнба гемоглобинді көтереді әрі қаназдықтан арылтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: