Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 25 ақпан

25.02.2021

2672 0

Тоқты

Байқаусызда сіз жақын деп есептеп жүрген адамыңыз сізді ең жауапты сәтте сатып кетеді. Бірақ өкінудің орнына, ол адамның шынайы бейнесі ашылғанына қуаныңыз.

Торпақ

Көңіл көтеретін көпшілік шаралардан, кешкі жиыннан бас тартқаныңыз жөн. Бұл сізге қызықты сәттер емес келеңсіздік тудыруы мүмкін.

Егіздер

Бүгін сіз жалқаулық пен еңбекқорлықты таңдауда қателеспеуіңіз керек. Себебі бірінші қасиет сізбен ұзақ уақытқа қалып қоюы мүмкін.

Шаян

Жаңа таныстықтан, әсіресе келеңсіз кездегі таныстықтан бас тартыңыз. Себебі ол адам сізбен жаман оймен араласады деген күдік бар.

Арыстан

Бүгін тап болатын қандай да бір сәтте сабырлық сақтаңыз. Қобалжығандарды сабырға шақырып, ренжіскендерді табыстырыңыз, сол кезде жақсылығыңыз сізге оралады.

Бикеш

Бүгін кез келген кикілжіңнен бас тарту керек. Себебі алдағы уақытта ойланбай істеген ісіңіз өзіңізге кері әсер етеді.

Таразы

Жақсылық жасаған адамға жақсылықпен жауап беріп, ренжіскісі келген адамнан өзіңізді алыс ұстасаңыз, өзіңізді үлкен проблемадан сақтап қаласыз.

Сарышаян

Жаңа бастамаларды, мереке мен шараларды ұйымдастырсаңыз көп күшіңіз кетеді. Оның орнына баяғыдан артта қалып келген істерді аяқтағаныңыз жөн.

Мерген

Жұмыс бабында жаңа жетістікке жетуге тырыспай-ақ қойыңыз. Оның орнына күніңізді пайдалы демалысқа, яғни спортпен шұғылдануға немесе бұрыннан қалып кеткен хоббиіңізді қолға алған жөн.

Тауешкі

Достарыңыз бен таныстарыңыздың өз-өзін ұстауы олардың дос немесе алыс адам екенін түсіндіріп береді. Соңғысымен қоштаспасаңыз, олар сізге үлкен келеңсіздіктер тудыруы мүмкін.

Суқұйғыш

Денсаулығыңызға көп мән беріңіз. Әсіресе созылмалы аурулары бар көп көңіл бөліп, диетаны сақтап және дәрілерді уақытылы ішіңіз.

Балықтар

Бірдене істер немесе айтар кезде ұзақ ойланғаныңыз жөн. Себебі бұл алдағы уақытта сіздің мәңгілік қарсыластарыңыздың пайда болуына әсер етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: