Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жылан жылы туылғандар 2021-де мол қаржыға кенеледі

29.12.2020

4152 0

Жылан жылы туғандар – қайраткер, іскер адамдар. Алайда сиыр бауырымен жорғалайтындарды аса ұнатпайтыны белгілі. Сол себепті сиыр жылы аса мейірімділік таныта қоймайды. Бірақ  бөгет те болмайды. Қаласа, өздері бастаған істі аяқтауға мүмкіндік бар. Жаңа бастамаларды қолға алуға да болады. Сиыр жылының қояр жалғыз талабы  –  адалдық. Адамгершілік пен тәртіп сақталған жерде жетістікке жете алады.

Денсаулық

Дәл биыл Жылан жылында дүниеге келгендердің денсаулығын нығайтуға көңіл бөлгені дұрыс. Иммундық жүйені көтеру арқылы кез келген сырқаттан сақтануға болады. Сол кезде тіпті маусымдық тұмау, суық тию секілді жеңіл-желпі аурулар оларды айналып өтеді. Тағы бір ескерер жайт,  әр нәрсеге күйіп-піспей, ашуға берілмей, жүйке жүйесінің тыныштығын бірқалыпты ұстау керек. Себебі осы жылы орын алатын түрлі эмоциялы жағдайлар олардың көңіл-күйіне қатты әсер етеді.

Қаржы

Биылғы  табыс жаман болмайды. Қаржыдан қатты  мұқтаждық болмай, тыныш өмір сүруге болады. Әрине, бұл деген басынан аяғына дейін алтынға малынасың деген сөз емес. Дегенмен, биыл қаржылық жағдайы ретке келіп, қалтасы қалыңдайтыны анық. Бұл ретте жеке кәсібі бар бизнесмендер мен басшылық қызметтегі адамдарға  –  сәттілік серік. Тек өз бастамалары мен креативті ойларын жүзеге асыруға тартынбау керек.

Мансап

Бір қызығы, әріптестермен де, серіктестермен де емес, керісінше басшылықпен арада кикілжің көбеюі мүмкін. Бұл кикілжіңдер тиімді болмақ. Себебі олардың бастамалары мен ойлары басшыларға ұнамағанымен, іс жүзінде нәтижелі болады. Мұндай текетірестер жылдың алғашқы айларында жиі орын алады. Сондай сәттерде өз позициясын мықтап ұстанса, соңы жеңіспен аяқталмақ.

Махаббат

Отбасын құрған –  біраз «сынаққа» түсетін жыл. Ерлі-зайыптылардың арасындағы  кикілжіңдер шаршатуы, тіпті қажытуы мүмкін. Оған қоса, туған-туыспен де түсініспеушіліктер жиі болады. Сол уақытта жақын құрбыға сырыңды ақтарып керегі жоқ. Біріншіден, оның еш көмегі болмайды. Екіншіден, «өсекке» ілінесің. Сондықтан мәселені қолға алып, ақылға салып, жұбайыңмен қарым-қатынасыңды өзің реттеуге ұмтылу керек. Сабырға салсаң, уақыт өте келе, ашу-ыза мен кикілжіңдер ұмыт болады. Ал бойдақтар  үшін бұл жылдың ұсынар тосын сыйы аз емес.  Әсіресе, бойжеткендер өз бақытын табуға бір қадам жақындайды. Көңілін білдіретін ер азаматтар аз болмайды. Тек солардың арасынан жүрегіне жақын өмірлік серігін тани білу керек.     

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: