Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінен «Алтын адам» табылғаны рас па?

29.06.2021

1266 0

Облыстық мұражай қорында сақталған құнды жәдігерлер қатарында әйел әшекейлері де бар. Ол 2016 жылы үлкен Қаратау жотасының батысында Шиелі ауданы тұсындағы «Ақмылтық өзенінің» сол жағалауында орналасқан «Бағаналы» қорымынан табылған.

– Жәдігер б.з.д 2 мыңжылдықтың ортасында яғни Андров кезеңі, қола дәуірінің тұсында болған әйел сүйегінің қасынан табылып отыр. Қолдан жасалған білезік, теңіз бақалшағы, бас киімге арналған алтын жапсырмалар. Бұл мұражай қорындағы ең ежелгі жәдігерлердің бірі болып саналады. Сақ дәуірі тұсында пайдаланылған болуы мүмкін, – дейді облыстық мұражайдың ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.

Қазір еліміздің әр өңірінен «Алтын адам» бейнесіндегі жәдігерлер табылып жатыр. Облыстық мұражай қорында сақталған алтын жапсырмалар «Алтын адамға» арналған әшекей болуы мүмкін бе? Сақ дәуірінен бері қарай да қаншама уақыт өтті ғой. Мүмкін қорымнан табылған әйел адамның мәйіті ханшаның не патшайымның мүрдесі болуы әбден мүмкін ғой. Бас киімге арналған жапсырмалардан басқа алтынмен апталған бұйымдары қолды болған шығар?..

Тұрар Бекмырзаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: