Жексенбі, 08 желтоқсан, 09:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Сырдың сырлы ескерткіштері

05.04.2022

1896 0

Сыр өңірі тарих пен тағылымға бай өлке. Жүздеген жырау мен жыршының туған жері, Қазақстан тарихында маңызы зор нысандары да осы Қызылорда өлкесінде. Бүгінгі таңда ұлы тұлғалардың өмірімен танысу, тарихи нысандарды аралау мүмкіндігі мол. Ал өз туған жерінің, елінің өткенін білу аса маңызды. Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына тарихтың қатпар-қатпар кезеңдерін сіңіру аса маңызды. Осы мақсатта жас оқырмандардың назарына Сыр еліндегі сырлы ескерткіштер, тарих саласында ерекше назарға ие нысандар туралы баяндауды жөн көрдік

Тамыры терең тарихы бар Сыр өлкесі көне ескерткіштер қазынасы тәрізді. Миллиондаған жыл тіршілік нәрі болған Сырдария өзені адамзат тарихының барлық кезеңдерінің куәсі. Сонау палеолит дәуірінен бергі, қола, ерте темір дәуірлері, орта ғасырларға жататын ескерткіштер оның бойынан үзілмей кездеседі. Соның бірі – Бәбіш мола кесенесі.

Ежелгі сақ тайпаларының негізгі орталықтарының бірі саналған Бәбіш мола қалашығы  болып табы­лады. «Қызылорда облысы Қар­мақшы ауданындағы Бәбіш мола ес­керткішіндегі археологиялық қазба жұмыстары» атты  ғылыми жоба Сыр бойында 2017 жылдан басталып бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі Сақ заманының ежелгі ескерткіші Бәбіш мола қалашығында жүргізілген соңғы зерттеулерге талдау жасай отырып, олардың сырын ашу.

Б.з.д. І мыңжылдықтың екінші жартысында ежелгі Сырдария арна­ларының оңтүстік бөлігінде мәдениетті урбанизациялау үрдісі басталады.

Бұл құбылысты суреттейтін ең көрнекті ескерткіш ретінде Бәбіш мола қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштерді алуға болады. Бұл жер­де ерте қалалық мәдениетке тән барлық белгілер тіркелген.

Бәбіш мола оазисіне Жаңадария бойында орналасқан Бәбіш мола қалашығын мен Бәбіш мола 2 жерлеу ғимарат және арналарды жағалай орын тепкен елді мекендер жатады. Елді мекендер ендік бағытта 40 шақырымды, ал меридиан бойынша 15-20 шақырым аралығын қамтиды. Бұл аймаққа Б.В.Андрианов 1957-1960 жылдары бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Елді мекен­дерде керамика және кварцит сы­нықтарымен жабылған үйінді не­месе аласа келген төбелер түрінде кездесетін ғимарат қалдықтары сақ­талған. Бәбіш мола маңынан жалпы саны 150 елді мекеннің іздері анықталды, Б.В.Андриановтың пікі­рінше, олардың жүзге жуығы бір уақытта өмір сүрген болуы мүмкін.

Бәбіш мола қалашығы – бекіністі қабырғамен қоршалған үлкен қалашық. Іргетасы пахсадан тұрғызылса, ал жоғарғы жағы шикі кесектерден өрілген. Қабырғаларын жау алмастай етіп мұнаралар тұрғызып, оларды оқ ататын ойықтармен күшейткен. Қала орталығы солтүстігінде орналасқан, оның көлемі 100*100 м. Биіктігі 2 м болатын қабырғаларын жартылай дөң­гелек мұнаралармен бекіткен.

Сыр бойы тұрғындарының көне заманғы ең бір жоғары дамып, кейін­гі өркениеттерге негіз болған кезі б.з.д. І мыңжылдықтың ортасынан басталады. Бұрынғы шағын ауыл орнына зәулім қалалар мен ондаған шақырымға со­зылған су жүйелері мен арықтар, соларды сыртқы жаудан қорғау үшін су және далалық керуен жолдарының бойына биік дуалды қамалдар салынды.

Келесі бір есткерткіш – орта­ғасырлық Қышқала қалашығы.

«Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы  Қышқала қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу қызметі» атты  ғылыми жоба Сыр бойында 2018 жылы басталды. Бұл зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. Жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі Алтын Орда дәуі­рінің көне мұрасы Қышқала қала­шығындағы соңғы зерттеулерге талдау жасай отырып, олардың сырын ашу.   

Ортағасырлық Қышқала қазіргі Тереңөзек ауданындағы Қоғалыкөл ауылдық округіне жақын жерде, Томарөткелге іргелес орналасқан. Бұл қаланы алғашқы рет 1889 жылы Перовск уезінде барлау жұмыстарын жүргізген  В.А.Каллаур ашып, оны Кыс-қала немесе тасқала деп атап, оның Перовскден шығып Хиуа мен Бұқараға баратын жолдың 25-30 вер­стінде  орналасқаны туралы жазған.

Зерттеу барысында Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық Қышқала қаласының тарихи топогра­фиясына және қазбадан ашылған құрылыстар, барлау кезінде жаңадан ашылған ортағасырлық қалалар мен елді мекендер ғылыми айналымға енгізілгеніне көз жеткіздік.

Кәмшат БИСЕМБИНА,

№222 мектептің тарих мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: