Жексенбі, 28 сәуiр, 23:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Дариға – домбыра» дәстүрлі байқауы өтті

23.11.2023

368 0

«Дариға – домбыра» дәстүрлі байқауы өтті

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде қалалық «Дариға- Домбыра» дәстүрлі ән байқауы өтті.

Дәстүрлі шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жомартбек Құлмағанбетұлы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің «Дәстүрлі ән салу» бөлімінің оқытушысы Жүзбембетов Нұрбек, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыс ақындары мен жыршы- термешілердің халықаралық одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі Жақсығұлов Серік Орынбекұлы қатысты.

Халқымыздың асыл қазынасы күйшілік өнерін сақтау, қасиетті аспабымыз ұлттық домбыра арқылы тарихымызды, құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың санасына терең сіңіру, дәстүрлі мұраны жас ұрпаққа жеткізу, қатысушылардың шеберлігін шыңдау, жаңа есімдерді анықтау байқаудың басты мақсаты болып табылады.

Байқауда бақ сынаған дүлдүлдеріміз жетекшілерінің шеберлікпен даярлап, баптаған еңбегін зая кетірмей, төл өнердің құдыретімен тамсандырып, қасиетті қара домбыраның құлағында ойнады. Барларын ортаға салды. Ешбір күшейткіш құралдарсыз таза дауыс пен додаға түскен жас таланттар қазылар алқасының әділ бағасын иеленді.

Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды №222 мектеп оқушысы Мұратбек Айзере, №136 мектеп оқушысы Сапарбек Демеу иеленді. Ал ІІ орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Ғалымжанқызы Айару мен №23 мектеп оқушысы Бейбітшілікқызы Айбибі лайық деп танылды.

Жүлделі І орынға №43 мектептің оқушысы Иманжүсіп Сымбат ие болды.

Байқауға қатысушы басқа өрендер арнайы дипломдармен марапатталды.

Қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, мәдениетін балалар арасында кеңінен таратып, ұлттық өнерді сүюге, оның мәнін түсініп, одан тәлім алуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар жас таланттардың ән-күйіне тәнті болып қайтты.

Қызылорда қалалық білім бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: