Бейсенбі, 02 мамыр, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысы Қызылордаға 400 тонна шөп жөнелтті

31.07.2021

823 0

Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық орын алуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды.

Осылайша, Шу, Луговой, Жаңатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық аудандарынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.

Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа берген.

-Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ – ынтымағымыз нығаяды. Біздің бүгінгі жасап жатқан амалымыз уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған ағайынға шөпті ертерек жеткізу, – дейді байзақтық «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: