Жексенбі, 28 сәуiр, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сырдың ақмаржанын әлемнің 14 мемлекеті тұтынады

21.12.2022

1165 0

Сырдың ақмаржаны Америка асып, кәрі құрлық Еуропаға да жөнелтіледі. Дегенмен соңғы кездері шаруалар күріштен басқа да өнім өндіруге басымдық берген. «Биылғы су тапшылығының қиындығына қарамастан Мемлекет басшысының қолдауы мен пәрменді шараларының нәтижесінде мол өнім алуға мүмкіндік туды» дейді өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұқбатында.

– Облыста күріш экспортының көлемі жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығындағы негізгі табыстың үлесі күрішке байланысты. Биылғы жылдың 9 айы бойынша жалпы құны 34,8 млн долларды құрайтын 70,5 мың тонна көлеміндегі күріш өнімі әлемнің 14 мемлекетіне экспортталуда. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Ирак, Түркия, Түркіменстан, Грузия, Литва елдерін қамтып отырмыз,-деді облыс әкімі.

Облыс жыл сайын уақыт талабына сай ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруды жүргізіп келеді.Биыл да өңірде су тапшылығының қайталануына байланысты күріш егісінің көлемі өткен жылдан 5 мың гектарға қысқарып, орнына суды аз қажет ететін мал азықтық, майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша егісіне мән беріп, көлемі ұлғайтылған. Яғни 7,3 мың гектарға көбейген.

– Өңірде басқа дақылдардың егіс көлемдерін ұлғайту үшін алдымен өнімдердің сатылу мүмкіндіктерін, сұранысты ескеру қажет. Өкінішке қарай аймақта күріштен басқа өнімдерді өңдеу жүйесі жеткіліксіз дамыған.Сондықтан, биылғы жылы Түркияның «KOC Holding» компаниясымен бірлесіп, аймақта жалпы құны 13,5 млрд.теңгені құрайтын жылына 24 мың тонна қызанақ өнімінен томат пастасын шығаратын зауыт салу мақсатында келісім жасалынды.

Алдағы уақытта әртараптандыру бағытындағы қызанақ дақылының егіс көлемі ұлғайтылатын болады-,-деді өңір басшысы.Қазіргі таңда аймақта көкөніс, бақша өнімдерін өңдеу арқылы көкөністен түрлі шырындар және асқабақтан пюре, чипсилер және майлы дақылдардан азық-түлікке қажетті өсімдік майы өндірілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: