Сенбі, 27 сәуiр, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік деңгейінің жеңімпаздары анықталды

04.12.2022

737 0

Жыл сайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен үздік еңбек әулеттері мен өндірістің үздік жұмыскерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді. Биыл да дәстүрлі түрде ұйымдастырылған шараға қала бойынша 11 үміткерден өтінім түскен. Бүгінгі күні оның өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті.

Кезең қорытындысы бойынша«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша «Новомет-Қазақстан» ЖШС-ң инженер-технологы Сұлтан Ержан Серікұлы жеңімпаз атанды. Ал, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша №9 мектеп-лицейінің мұғалімі Ембергенова Қалдыгүл Тобашқызы және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша №178 орта мектебінің дефектологы Көптілеу Ердаулет Ермұратұлы марапатталды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын арнайы талап бар. Жеңімпаздарды анықтау соған сәйкес жүргізіледі. Атап айтсақ, «Үздік еңбек әулеті» – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Ал, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. Үшінші «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскеріне тағайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: