Жексенбі, 05 мамыр, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тараз маңындағы ТЖ: қандай пойыздар тоқтатылғаны айтылды

26.08.2021

825 0

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жамбыл жүк бөлімінің Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықта орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болуына байланысты барлық пойыз қозғалысы үшін жабық.

Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіру пойызы келді. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды», – делінген компания хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: