Жұма, 11 қазан, 07:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Кабулда америкалық ұшақтың соққысынан бір отбасының 6 баласы мерт болды

30.08.2021

1202 0

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери басшылығы Кабулдағы ұшақ шабуылының себебін түсіндірді. Оның салдарынан тоғыз бейбіт тұрғын қаза тапты, олардың алтауы балалар.

Әскерилердің айтуынша, бұл операция кезекті жарылысқа дайындалып жатқан лаңкестерді жоюға бағытталған.

АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, олар 29 тамызда ұшақтан көп мөлшерде жарылғыш затты тасымалдамақ болған террористердің көлігін қаққан.

Топтың қолбасшылығы алған ақпаратқа сәйкес, радикалдар Кабул әуежайында кезекті рет қорқыту әрекетін жасамақ болған.

Орталық қолбасшылықтың мәлімдеуінше, соққы нысаны «Ислам мемлекеті» – «Вилаят Хорасан» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының өкілдері болды. Дәл осы топтың жауынгерлері жақында әуежайда болған жарылысты жасады деп айыптауда. 

Соққыдан қаза тапқан тоғыз бейбіт тұрғын бір отбасының мүшелері болды. Алтауы – балалар. Ең кішісі екі және үш жаста еді.

Қаза болғандардың туысы бұл «қарапайым отбасы» екенін айтты.

«Біз “Ислам мемлекеті” (Қазақстанда тыйым салынған) емеспіз, бұл менің бауырларымның отбасы», – деді ол.

Еске салайық, ертең, 31 тамызда АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ-тың барлық әскери қызметкерлері Ауғанстаннан кетуі керек.

Стан.кз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: