Сенбі, 27 сәуiр, 03:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бюджет қаржысына қол салған мектеп директоры сотталды

25.11.2021

1075 0

Мектеп директоры өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот отырысы кезінде прокурор оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды

Қостанай қаласындағы №122 орта мектептің директорына бюджет қаржысын қалтасына басты деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот мектеп директоры қызметін атқарған М-ның 2019 жылдың қазаны мен осы жылдың қаңтар айы аралығында қызметіне байланысты сеніп тапсырылған 1 955 300 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

«Мектеп директоры өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот отырысы кезінде прокурор оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкiм шығару кезiнде сот айыпталушының жауапкершiлiгi мен жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды, алғаш рет сотталып жатқанын, сондай-ақ отбасылық-материалдық жағдайы мен оң мінездемесін назарға алды.

«Сот айыпталушының мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас қылмыс жасағанын мойындамайтынын және жасаған ісіне өкінбейтінін ескеріп, келтірлген залалдың 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ бұдан бұлай ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Айыпталушы мемлекет есебіне 19 553 000 теңге айыппұл төлейді», – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: