Сейсенбі, 01 қыркүйек, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66 (2278)
01.09.2026
PDF мұрағаты

Аяқсу – жасыл қаланың негізі

01.09.2026

42 0

Қаланы жасыл аймаққа айналдыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта ең өзекті мәселелердің қатарында аяқсу жүйесін дамыту тұр. Себебі жасыл желекті сақтау мен көбейтуде су тапшылығы басты кедергіге айналатыны белгілі. Осы ретте қала аумағында аяқсу жүйесін ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыс қолға алынған.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала әкімі Нұржан Ахатовпен бірге қаланы аралап,  аяқсу арықтарының қазіргі жағдайын тексерді. Ғ.Мүсірепов көшесі бойын­дағы аяқсу желілерінің жай-күйін көріп, жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

Қала аумағындағы 68 көшеде 98,6 шақырым арық жүйесі бар. Оның басым бөлігіне аяқсу жеткізілуде. Ол үшін 35 насос қондырғысы толық қуатымен жұмыс істеп тұр.

«Қызылорда тазалығы» мекемесі аяқсу жеткі­зілмеген көшелерге жерасты ұңғымалары арқылы су жіберуде. Қазір қаладағы арық және канал жүйе­леріне күнделікті қадағалау жүргізілуде. Аяқсу мәсе­лесі бойынша алдағы жоспарлар да ауқымды. Бұл жұмыс қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, жасыл аймақтардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: