Сейсенбі, 23 шiлде, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

«Мектеп оқушыларына вакцина қосылған йогурт береді»: Желіде таралған ақпарат жұрттың талқысына түсті

03.09.2021

1205 0

Қазнет қолданушылары биылғы оқу жылында мектеп асханаларында балаларға құрамында вакцина қосылған йогурт, айран және пісірілген сүт берілетіні туралы бейнеролик таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейде сүт өнімдері түріндегі вакциналарды жасай бастады деген ақпарат 2021 жылдың сәуір мен маусым айларында жарияланған болатын. Ол уақытта ғалымдар дәрі-дәрмекті жасауды енді ғана бастаған. Қазіргі таңда бұл жұмыс әлі соңына жетпеген. COVID-19-дан қорғайтын йогурт, айран және сүт түріндегі емдік дәрілер әлі клиникалық тексеруден өтпеген және нарыққа енген жоқ.

Мұндай сүт өнімдері мектеп асханасындағы балаларға міндетті түрде беріледі деген қауесетті Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Бұл тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Азық-түлік түріндегі вакцина Қазақстан Республикасына әкелінген жоқ» ,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, мектеп асханаларында КВИ-ге қарсы иммундауға арналған препараттар бар сусындар мен өнімдер балаларға ұсынылмайды, деп атап өтті басылым.

Оның үстіне, Қазақстанда балаларды вакцинациялау ата-анасының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі бойынша ғана мүмкін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: