Сейсенбі, 23 шiлде, 14:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Маман қандай тағамды ысытып жеуге болмайтынын айтты

24.09.2021

832 0

Диетолог Ольга Лушникова кейбір өнімдер ысытқан соң қауіпті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Радиосы.

Маман қандай тағамды пісіре сала немесе тек суық күйінде жеуге болатынын айтты. 

«Жұмыртқа, саңырауқұлақ, сарымсақ, кез келген ет, қызылша, күріш, асжапырақ сынды өнімдерді жылытуға болмайды. Олардың құрамындағы нитраттар нитрозаминге алмасады. Ал олар канцероген саналады, улы болып кетуі мүмкін», – деді Лушникова.

Бұл өнімдерді анда-санда ысытып жеуге болады. Алайда үнемі әдетке айналдыруға болмайды.

«Мысалы, піскен ет келесі күнге қалса, суық күйінде жеген жөн. Салат немесе сэндвичке қосуға болады. Пластик ыдыста ысытпау керек», – деді диетолог.

Алайда асқазан-ішек жолы сырқаты барларға суық тағам жемегені дұрыс.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: