Бейсенбі, 10 қазан, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Фэн-шуй бойынша ақша көбейтудің тәсілдері

10.03.2021

3112 0

1. Өмірге маңызды жерлерді, яғни ас үй мен дәлізді таза ұстаңыз. Ақша лас жерге келмейді.

2. Ақша түскен күні оны жаратпаңыз. Ойламаған нәрселерді жасамаңыз. Ақшаны қорапқа немесе сейфке салып қойыңыз. Екінші күні аздаған қаржыны жұмсап бастауға болады.

3. Әмияннің қызыл түсті немесе қызыл элементтері бар болғаны дұрыс.

4. Әмиянға артық нәрсе салмаңыз. Ақша мен банк карточкалары ғана тұруы керек. Фото, чек сияқты заттар болмасын.

5. Ақшаны рет-ретімен ұқыптап салыңыз. Өсу ретімен тұрғаны абзал.

6. Ақшаны таза қолмен таңертең санаған жөн.

7. Ақша шақырғыңыз келсе, бай адамнан ақша алып, оны жаратпай ұстап жүріңіз. Бұл кез-келген сомма болуы мүмкін, егер бай елдің купюрасы болса, тіптен жақсы.

8. Ақша табуды үйреніңіз. Бұны аз дегенде екі бағытта жүзеге асыру керек: бірінші – кәсібіңіз немесе жұмысыңыз арқылы, екінші – қаржылық рынокта ақша тауып үйрену (ақша ақшаны шақырады).

9. Тапқан ақшаңызды (100%) мына пропорция бойынша бөліңіз: 50% – жақсы нәрсеге (мысалы, үйге, көлікке жинау), 25% – күтпеген шығындарға, 10% – мұқтаж туыстарыңыз бен таныстарыңызға, ал 15%-ын өз қажетіңізге жаратыңыз.

10. Ең бастысы, көбірек беріңіз. Берген ақшаңыз сізге екі есе болып оралады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: