Жексенбі, 30 маусым, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Есірткі алқабын егумен айналысқандар құрықталды

29.09.2021

547 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5547 әскери бөлімінің жасақтарымен ҚР ІІМ-нің 2021 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусым мен 30 қазан аралығында Республика аумағындағы өтіп жатқан «Қарасора-2021» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының МИ-8 үлгісіндегі тікұшақпен ұшып, далалық аумақтарды барлау кезінде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жеңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жердегі есірткі алқабынан Қызылорда қаласының 35 және 58 жастағы тұрғындары 2479 түп сора өсімдігін өсіріп баптағаны үшін қылмыс үстінде айғақты заттарымен қоса құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерін азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсеткен Қызылорда қаласының 39 және 42 жастағы тұрғындары, яғни қылмыстық топ басшыларының қылмыстық іс-әрекеттері дәлелденіп, топ басшылары дер кезінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: