Дүйсенбі, 17 маусым, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

«Мигрант»: Қызылордада екі күнде 25 құқық бұзушылық анықталды

19.09.2022

349 0

Қызылорда облысы аумағында өтіп жатқан «Заңсыз-келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 25 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 5 шетелдікке, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республикасының 20 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. 

«Құрметті облыс тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, халықтың ҚР көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетін болады», – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев.

Айта кетейік, жыл басынан республика көлемінде «Мигрант» іс шарасы өткізіліп, нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған барлығы 765 дерегі анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен ТМД елдерінен келген шетелдіктер  ҚР ІІМ 08.02.2014 жылғы №76 бұйрығының «Бір жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын бір уақытта бестен астам еңбекші көшіп келушімен жасасуға жол берілмейтіндігі» талабына сәйкес, 6948  азамат  жеке кіріс салығы бойынша айлық есептік көрсеткіштің 2(екі) еселенген мөлшерінде алдын ала төлемді төлеп, заң талаптарына сай рұқсат рәсімдеп, заңды жұмыс атқаруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: