Сәрсенбі, 01 мамыр, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Погондағылар «Отбасы» Тұрғын үй жинақ банкісінен есеп шот ашты

20.10.2021

842 0

« Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзететін қызметкерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету, біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі болып қала береді », – деп, Президентіміз Қ. К. Тоқаев айтқандай , мемлекет тарапынан ҚАЖ қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан үлкен қолдаудың бірі, Тұрғын жайға мұқтаж азаматтарға арналған үкімет қаулысын айтуға болады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне арналған заңнамадағы жаңа бағдарламалық өзгерістерге сәйкес, енді тұрғын үй төлемдерін тек үй жалдауға ғана емес, баспана сатып алу мақсатында жинақтауға болатыны ҚАЖ қызметкерлеріне үлкен серпін берді.

Ол үшін ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамы жұмыстан бос кезі уақыт аралығында, тұрғын үйге мұқтаж екендігі туралы анықтамаларын жинақтап және тұрғын үй төлемдері бағыттамасын алу үшін қызмет атқаратын мекемедегі тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат жазды.

Тұрғын үй комиссиясы оны қарастырып, тұрғын үй төлемін алуға болатындықтары туралы анықтама береді. Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен, дайын құжаттар жинақталып, мекемедегі тұрғын үйге мұқтаж қызметшілердің тізімін әзірленді. Содан соң ғана барып, кадр саясат тобының ұйымдастыруымен «Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен есеп шот аштыру мақсатында, банк кеңесшілері шақыртылды.

ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысының қауырттылығына байланысты, банкке бармай-ақ, мекеме аумағындағы кадр бөлімінің ұйымдастырған бұл іс-шарасының жеке құрамға берері мол болды. Бүгінгі таңда жеке құрам арасынан 34 қызметкер «Отбасы» Тұрғын үй жинақ банкісінен есеп шот ашты.

-«Бұл бағдарламаның біз секілді көп балалы әкелерге пайдасы зор. Есепшотымызға ауқымды қаржы жинақталатындығы, пәтер алуға деген сенімімізді бекітіп, қызметімізге деген құлшынысымды арттырды»-деді, РжКБ- нің бастығы, әділет майоры С. Абсадыков.

– Ия, тіптен жас қызметкерлерде құжаттарын жинақтап, өтініштерін ұсынуда. Алдағы уақытта жеке құрам арасынан есеп шот аштыруға деген

погондағылар санының артатыны анық – деді, кадр саясат тобының аға инспекторы Д. Шахи.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: