Жұма, 14 маусым, 17:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Ұлы жеңіс күні

13.05.2024

288 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күні.  Араға бірер күн салып, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағалы отыр. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. 9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасуы мүмкін еді. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ұлы отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл бойы күн мен түн демей өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен алып тастаған. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» дегендей, ардагерлеріміз – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.

Ұлы Отан соғысынан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігін және ерліктерін келе жатқан өскелең ұрпаққа асыл мұра, қымбат қазынадай қалдыруда еш аянып қалмайық. Ұлы Жеңістің Туы желбірей берсін!

Б.Ердәулет

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: