Бейсенбі, 18 шiлде, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаменті полиция күнін салтанатты түрде өткізді

22.06.2024

328 0

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен облыстық Жастар ресустық орталығында салтанатты шара өтті. Шараға департамент басшылығы, сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.Салтанатты шара Мемлекеттік Гимнмен басталды. Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаттары мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бұйрығына сай марапаттар табысталды.
Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы салтанатты шараға қатысып отырған жеке құрамды, барлық ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, олардың жасаған ұзақ жылғы қызметі үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ ҚАЖ департаменті ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметов Талғат Шакиұлы да сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдіріп,бірнеше қызметкерді алғысхатпен марапаттады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: