Жексенбі, 30 маусым, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер онлайн сайыс ұйымдастырды

05.12.2021

927 0

         Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі  Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының,  Қызылорда  облысы Полиция департаментінің  ЕҚҚІҚБ  іс-шаралар  жоспарларының  талаптарын  орындау  мақсатында  облыс  көлемінде орта  және  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындары арасында есірткіге  қарсы  мақала  жазып,  БАҚ-та  жариялау онлайн  сайысы  ұйымдастырылды.  

Сайыстың  негізгі  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Балалар мақала дайындап, оны БАҚ-та жариялап, Инстаграм желісіндегі парақшаларына салу арқылы сайысқа қатысты.  

  Сайысты бағалауға жергілікті тілшілер атсалысты.
Сайысқа  100-ден астам үміткер  қатысып, олардың 62-сі екінші кезеңге өтті.
Сайыскерлер тақырыпқа  байланысты  түрлі  мағлұматтарға  сүйеніп,  осы  бағытта  ізденіп,  есірткі  мәселесіне  кеңінен  тоқталды  деп  айтуға  болады.
         Құрылған сайыстық комиссия шешіміне сәйкес: 12 қатысушы алғыс хаттармен марапатталады, 35 адам өңірлік жеңімпаздар атанды, ал облыстық жеңімпаздар: 1 орынды-Арал ауданының №14 мектеп– лицейінің оқушысы Еңсепбайқызы Назерке; 2 орынды – Шиелі ауданы №41 орта мектебінің оқушысы Нұрамандос Жанәлі; 3 орынды – Жалағаш ауданы №232 орта мектебінің оқушысы Ерманқызы Нұрсая иеленді.
       Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: