Жексенбі, 21 шiлде, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Пробация қызметінде 15 әйел жұмыс істейді

05.03.2022

545 0

Өмірін ел тыныштығын қорғауға арнап, жауапкершілігі зор салада ерлермен бірдей қызмет атқаратын нәзік жандылар қатары ішкі істер саласында күн санап артып келеді. Солардың  қатарында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды  арулар аз емес. Әрқайсысы өз саласының майталманы. Бүгінгі әңгіме еткелі отырған нәзік жандылар,  Қызылорда қалалық пробация қызметінің погон таққан арулары.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жалғас Есмахановтың айтуынша қалалық пробация қызметінде 22 қызметкер жұмыс істесе оның он бесі нәзік жандар. Погон таққан арулар қылмыскерлерді өмірге қайта бейімдеп,  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп, қайта қылмыс жасамауы үшін де профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

 Олар жұмыс барысында сотталғандардың іс-құжаттарына байланысты  соттарға қатысады. Прокуратурамен байланысып, жергілікті атқарушы органдармен байланыс жасап қарамағындағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстарын шешу үшін қызмет атқарады. Ал кешкі уақытта жергілікті прокуратура өкілдері, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандардың мекенжайынан тексереді. Олардың жақындарымен сұхбат  жүргізіп, тұрғылықты жерінен шықпау, қылмысқа бармау жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізеді.

 Өзі нәзік болса да 10 жылға жуық  ерлермен иық тіресе жұмыс жасап келе жатқан Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Мөлдір Серікбайқызы. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Екі жоғары мамандық иесі еңбек жолын Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторынан бастаған. Жас маман өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарып, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып қызметтік қабілетін шыңдады. 

Тәжірибе жинаған соң 2014 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр қалалық пробация қызметінің инспекторы лауазымына тағайындалады.

Пробация қызметінде қызмет еткен  8 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімдеп, психологиялық, құқықтық әлеуетін жетілдіруге зор ықпалын тигізеді.

«Бала кезден құқық қорғау қызметкерлерінің ант қабылдап, еліне адал қызмет етіп, батырлығы мен батылдығына қызығып өстім. Содан да болар, осы саланы таңдағаныма өкінбеймінБала арманым орындалып, ҚАЖ саласын қиын болса да үйреніп, капитан шенін иемдендім. Отбасыммен қызметімді қатар алып жүрмін. Баламды да тәрбиелеп, үй жұмысына үлгеремін. Жолдасым қызметіме түсіністікпен қарайды» – деді нәзік жанды әділет капитаны.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: