Дүйсенбі, 14 маусым, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (1748)
12.06.2021
PDF мұрағаты

Ауылдасының үйіне ұрлықа түскен азамат ұсталды

11.01.2021

193 0

Ағымдағы жылдың қаңтардың 09-10 қараған түні сағат 03:30-да Жалағаш ауданы, Шаменов ауылының 56 жастағы тұрғыны Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданының Полиция бөліміне үйінің ауласында орналасқан сарай ішінде тұрған ағаш кесетін электрлі арасын (пчелка) белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Хабарлама бойынша оқиға орнына бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нартай Ешпанов барып, орын алған қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында тиісті жұмыстар атқарған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті 35 жастағы Жалағаш ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақ зат ретінде техникалық зат  тәркіленіп, иесіне қол хат арқылы қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қамауда.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігінің 3 тармақшасына сәйкес (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жәбірленшуі Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: