Жұма, 19 сәуiр, 23:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада велосипед ұрлаған күдіктінің пәтер ұрлығына да қатысы бар екені анықталды

28.03.2021

1225 0

“Stels” маркалы құны 38 000 теңге тұратын велосипедін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы қала тұрғынынан хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азаматты ұстады. Күдікті жасаған қылмысын толық мойындап, велосипедті металл қабылдайтын орынға өткізгенін айтты. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұдан өзге қала аумағында орын алған пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Пәтер иесіне келтірілген материалдық шығын – 70 000 теңге.

Аталған деректер бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2, 3 – тармақтарымен (Бірнеше рет тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жәбірленушілер ұрланған заттарын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: