Жексенбі, 30 маусым, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың тізімі ресми түрде қашан жарияланады?

14.03.2022

901 0

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева Бас Прокурор Берік Асыловқа сауал қойды.

230 адам қаңтар оқиғаларында қаза тапқанын айтып өттіңіз. Енді қоғам қайтыс болғандардың есімін және олардың неден қайтыс болғанын білгісі келеді. Соны анықтауды бізден талап етіп отыр. Қазіргі күні әлеуметтік желілерде мұндай тізім бар. Ол тізімді белсенділер мен волонтерлер өз қолдарымен жинаған. Тізім «Қаңтар-2022» деп аталады. Арнайы сайт бар, – деді депутат.

Снежанна Имашева қоғамға нақты, сенімді ақпарат жеткізу қажет екенін атап өтті.

Осы азаматтардың есімін әрі қарай да жасыру дұрыс емес деп санаймыз. Қайтыс болғандардың тізімін ресми түрде қашан жариялайсыз? Ол тергеу аяқталмай жариялана ма? Егер мүмкін болмаса, оның себебін айтып беріңіз, – деп сұрақ қойды депутат Бас Прокурор Берік Асыловқа.

Бұл сұрақтың қойылғаны дұрыс деп есептеймін. Біз «Қаңтар-2022» деген тізімді зерделедік. Оның тізімі толығымен дұрыс деп айта алмаймын. Онда шикіліктер бар. Оның сізбен жеке кездесуде де айта аламыз. Бірақ қаза тапқандардың тізімін ресми түрде жарияламағанымызды айтқым келеді. Оны жариялау туысқандарына қосымша қайғы әкеледі деп ойлаймыз. Сол себепті осы мақсатта ол тізімді жарияламадық, – деп жауап берді Бас прокурор Асылов.

Бас Прокурор қаза тапқан 230 адамның өлімі бойынша көптеген іс қозғалғанын айтты.

Оның ішінде адам өлу фактілері бойы 94 іс, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды, – деп атап өтті ол.

Берік Асылов тергеу кезінде осы істердің мән-жайын, кімнің бейбіт тұрғын екенін анықтап, депутатқа баяндайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, заң бойынша тергеу амалдары кезінде шектеу бар екенін айтты.

Кімнің кім екенін қылмыстық істерді тергеу кезінде зерделенеді. Ол анықталғаннан кейін ғана жариялай аламыз, – деп толықтырды Бас прокурор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: