Жұма, 19 сәуiр, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр елі Батырын еске алды

18.05.2023

1435 0

Бүгін Сыр топырағында туып, өнерімен талайды мойындатқан талант иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алу шарасы өтті.

Батырдың атындағы саябақта өткен шараға әншінің анасы, бауырлары, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Жақсымұратұлы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және тыңдармандары қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Айта кету керек, 2018 жылдың 18 мамырында Батырдың туған күніне орай қала орталығындағы саябаққа есімі беріліп, ескерткіші орнатылған болатын. Содан бері саябақ аумағында жаңадан ағаштар отырғызылып, әсем гүлдермен көмкерілді. Бүгінде арнайы орнатылған дыбыс күшейткіш колонкаларда талантты жерлесіміздің әндері шырқалып, қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлап келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: