Сенбі, 04 мамыр, 07:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кім өтірікші?

05.04.2022

1298 0

Әуес пен Орал көрші тұрады. Балабақшаға бірге барады. Бір-бірінен асқысы келіп, кейде дауласып қалатыны да бар. Екеуінің де күшігі бар. Бастарынан құс ұшырмайды. Мақтайды кеп оларды.

Екеуі де балалардан бөлектеу жерде ойнап жүрген. Әңгімені Әуес бастады.

– Әй, Орал, мен саған күшігім туралы қызық айтайын ба? Өзің де таң қаласың. Атамның сонау «Қаракөз» ауылынан алып келген күшігім, қазір дәу төбет болатын сияқты. Өзі менен де ақылды. Тіпті тәрбиеші үйреткен әріптерді менен жақсы таниды, – деп мақтанды.

– Түу, сол да сөз болып па? Сен менің Майлыаяғымды көрсең ғой. Әнеукүні тәрбиеші жатта деген тақпақты ол менен бұрын жаттап алды, – деді сонда Орал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: