Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қырғызстаннан құтырмаға шалдыққан мал еті елге әкелінгені туралы ақпарат тарады

03.07.2024

495 0

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қырғызстаннан құтырмаға шалдыққан мал еті елге әкелінді» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz 

WhatsApp-та тараған аудиохабарламада Қырғызстаннан құтырмамен ауырған малдың еті Қазақстанға әкелінгені айтылады.

«Аудиода одан бәліш пісіріп, жол үстінде сататыны айтылады. Бұл – ескі фейк», – деп жазылған басылым мәліметінде.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері де бұл ақпаратқа пікір білдірді.

«2011 жылғы 19 қазанда ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруы бойынша енгізілген қолданыстағы шектеуге байланысты Қырғыз Республикасы аумағынан ауыл шаруашылығы жануарлары, сондай-ақ, сиыр, қой және шошқа еті әкелінбейді. Егер етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті расталса, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Дәл осындай аудиохабарлама 2021 жылы да тараған болатын.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы Қырғыз Республикасымен шекарада төрт ветеринариялық-бақылау бекеті жұмыс істейді: Қарасу, Қордай, Сыпатай Батыр және Айша-Бибі, онда ветеринариялық инспекторлар тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық тексеріс жүргізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: