Сейсенбі, 23 шiлде, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Ойын ойлантады

26.04.2022

724 0

Балалық шақ – адам өміріндегі ең сезімтал кезеңі. Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы оның болашақтағы жетістіктері мен қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Бала 6-7 жасына дейін жеткілікті түрде ойын ойнамаған болса, мектептегі төмен бағаларға дайындала беруге болады.

Ойынның алғашқы дағдыларды қалыптастыруға көмектесетіні ғылыми тұрғыда дәлелденген. Баланың өзгелерді түсініп, олардың орнына өзін қойып, көзқарасын түсінуі керек. Мәселен, «дәрігер» болып ойнау: «Мен дәрігермін, менің емделушім бар. Онымен қарым-қатынас жасауда белгілі бір ережелерді сақтау керек» деген бір қарағанда қарапайым дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Балалар бірге ойнап, бірге өсуі керек. Үлкен қаладағы балалар көбіне оқшау өседі. Ересектердің: «Қане, амандас! Сен де сұрасаңшы!» дегені байланыс жасау дағдыларына үйрету емес. Біздің іс-әрекетіміздің басым бөлігі еліктеуден қалыптасқан. Бұл – үйрену тетігінің бір түрі. Балалар ата-анасына немесе өзінен жасы үлкен балаларға еліктеуі мүмкін. Соңғысын іске асыру үлкен қаланың кішкентай тұрғындарына қиындық туындатады.

Атап айтсақ, 4-5 жасар бала сюжетті-рөлдік ойындарға құмар келеді. Оның пайдасы да аз емес. Мәселен, қыз бала «ана мен бала» ойынын ойнап, ананың атқаратын рөлін, жауапкершілігін сезіне бастайды. Бұл жастағы балаларға ойын ойнауға арналған жарты сағат аздық етеді. Баланы бір үйірмеден екінші үйірмеге сүйреп, барлық уақытты осылайша жоғалтатын ата-аналар жеткілікті. Бүлдіршіндердің танымдық қабілеті өте жоғары, ал оны дамытуда ауладағы құммен ойнаудың өзі айтарлықтай нәтиже бере алады.

Бүгінде баланың ойыншықтары да өзгеше. Қолына планшет бере салып құтылатындар да аз емес. Дегенмен жақсы ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытуы керек. Ал планшет – қиялдауға мүмкіндік бермейтін дайын әлем. Бірінші сыныптан бастап бала психологиялық тұрғыда шаршамау үшін оған ойын ойнатуға мүмкіндік берген дұрыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: