Жексенбі, 19 мамыр, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Достық әзілдер

02.04.2023

779 0

Облыстық «Қызылорда» телеарнасының редакторы, «Үштаған» бағдарламасының жүргізушісі, білікті журналист Айнұр Тұңғышбаеваға!

Париждің сұлулары да,

Жете алмас оған сәнденген.

«Үштағанда» тұрады,

Сабақтап сөзін мәнменен.

Мінезі де өзгеше,

Мүлдем бөлек көзқарас…

Деп тұрғандай экраннан:

– Халықпенен сен санас!

Өз ісін әбден меңгерген,

Тұңғышбайдың Айнұры.

Түріне қарасам жап-жас,

Айтыңдаршы, қай жылғы?

Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Жағыппар Тажмахановқа!

Әншімен де дос боп жүр,

Күйшімен де дос боп жүр.

Досы көп жан бүгінде,

Шынында осы боп тұр.

Ақын да шықпас қасынан,

Әртіс те шықпас қасынан.

Дос жиюға үйір-ау,

Байқағанға жасынан…

Достары да мақтанып жүр,

Талай істі атқарып жүр.

Тажмаханов Жағыппар,

Мәдениетті басқарып жүр.

Журналист-блогер Үйтолған Жарекеге!

Пост жазатын жайы бар,

Оңынан туған айы бар.

Фейсбуктегі көп сөзі,

Оқырманға жайылар.

Журналист, блогер, майталман,

Шындықты әркез айта алған.

Талай әкім-қараны,

Қамшылап алған Үйтолған!

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Сейдуали Әбдіқадыровқа!

Ұнатпайды дабырды,

Мінезі бар сабырлы.

Еш асықпай жүріп-ақ,

Әкім болды алымды.

Қосшыңыраудың әкімі,

Ойын айтар ұғынықты.

Мұңайып жүрер көзімен,

Іздейтіндей жылылықты…

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергеновке!

Ыржиып ылғи жүреді,

Кең дейді жұрт жүрегі.

Тез-тез бастық болды ғой,

Кім екен мұның тірегі?

Тірегі деген жәй әзіл,

Білімді маман білікті.

Тынбай еңбек етеді,

Көзге осылай ілікті.

№261 С.Лапин атындағы мектеп директоры Қарлығаш Әбдірахмановаға!

Уақыт дейік төреші,

Мектеп оның – кемесі.

Ізденгіш әрі талапшыл,

Директордың төресі!

Мың құбылтып мектепті,

Гүлдендіріп жіберді.

Жетістікке ұмтылып,

Түрлендіріп жіберді.

Ол басқарған алтын ұя,

Мақтаулы орда болып тұр.

Мықты ұстаз бен шәкірттер,

Ол мектепте толып жүр!

Мерекелік көңіл-күймен Әзиз ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: