Жұма, 17 мамыр, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

26.04.2022

676 0

Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті. Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Негізінен мұндай жағдай баланың қадағалаусыз қалуынан болады. Былтыр 10 бала терезе және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұндай оқиғаларға ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы себеп. Кейбір азаматтар балалардың терезе алдында ойнауына назар аудара бермейді», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер. 

Ведомство мәліметінше, қаладағы көпбалалы және жалғызбасты 7 отбасыға 10 шектеу құрылғысы (блокиратор) орнатылды. Оған «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы демеушілік көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: