Сейсенбі, 30 сәуiр, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Баспана бақыты бұйырды

04.06.2022

1178 0

«Сыр – Алаштың анасы». Сырдың жағасында орналасқан қаланың бүгінде күн санап құлпырып, көз алдымызда өркендеп, өсіп келе жатқаны қуантады.

Аймақта атқарылған айшықты істің қатарында тұрғын үй құрылысын атап айтуға болады. Соңғы жылдары өңірде тұрғын үй салу жанданып, жыл сайын айтулы күндерде пәтер кілтін табыстау дәстүрге айналды. Мұндай үрдістен биыл да қалыс қалғанымыз жоқ.

Балаларды қорғау күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Балалар жылы» аясында көп­балалы отбасыларға Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан 50 пәтерлік жаңа үйдің кілтін табыстады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ха­лықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өткені белгілі. Соған сай өңірімізде тұрғын үй құ­ры­лысына басымдық беріліп, баспана мәселесін шешу батыл қадамның біріне айналды. 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызыл­ордада жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, көп­балалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отыр­мыз. Балаларымыз жаңа үйге шаттана кіріп, ішін бақытқа толтырсын деп тілеймін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, – деді облыс әкімі.

Мереке қарсаңында тамаша тартуға ие болған көпбалалы отбасы Сейтжаппаровтар әулетіне аймақ басшысы арнайы барып, жаңа қонысқа бақ-береке тіледі.

Айта кету керек, Сыр өңірінде 30 жыл ішінде 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылдың өзінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданы 95 мың шаршы метр, 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1244 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Нұрайым МЫРҚЫ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: