Жұма, 11 қазан, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық спортшылар халықаралық турнирден жеңіспен оралды

27.12.2023

3110 0

Өткен демалыс күндері Алматы шығыс жекпе-жек өнерінің ошағына айналды.

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде екі күн қатарынан балалар мен жасөспірімдер арасындағы барлық стильдегі каратэден халықаралық «Bel-Bilek» турнирі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарысқа 7 мемлекеттен 5-17 жас аралығындағы 700-ден астам спортшы қатысты.

Татамиде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Иран, Әзербайжан мемлекеттерінің және Алматы, Астана қаласы, Алматы, Абай, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының спортшылары бақ сынады.

«Қазақстанның барлық стилдегі каратэ Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Халықаралық жарыста қызылордалық каратэшілер жеңіс тұғырынан көрінді.

Сырбойылық спортшылардың қоржынына 10 медаль түсті.

1-орындар:

  • Жаухан Бекзат 14-15 жас ката бағдарламасынан;
  • Джамбул Жасұлан 12-13 жас кумитэ бағдарламасынан, – 40 кг салмақ дәрежесінде;
  • Мұратқызы Жасмин 6-7 жас кумитэ бағдарламасынан, +23 кг;
  • Нұрланқызы Асылым кумитэ бағдарламасынан, -23 кг.

2-орындар:

  • Қойшыбай Айбол 12-13 жас кумитэ бағдарламасынан, +45 кг;
  • Нұрлыбек Бексұлтан 10-11 жас кумитэ бағдарламасынан, -30 кг;
  • Хон Ангелина 8-9 жас кумитэ бағдарламасынан, -25 кг.

3-орындар:

  • Внучков Евгений 12-13 жас кумитэ бағдарламасынан, -35 кг;
  • Ерғалиева Нұрсая 8-9 жас кумитэ бағдарламасынан, -30кг;
  • Арыстан Өмірбек 12-13 жас кумитэ бағдарламасынан, -40 кг.

Жеңіске жеткен каратэшілердің жаттықтырушылары: Вячеслав Аймагамбетұлы Нұржанов, Мақпал Нартайқызы Қожамбетова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: