Жұма, 03 мамыр, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

WhatsApp қолданушыларға үш жаңа мүмкіндік ұсынбақ

17.06.2022

863 0

WhatsApp компаниясының бас директоры Уилл Кэткарт танымал мессенджер қолданушыларға ұсынатын үш жаңа мүмкіндік туралы айтты. Жаңашылдық топтық қоңырауларға қатысты болмақ. Бұл туралы Кэткарт Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Енді WhatsApp қолданушылары топтық қоңырау қатысушыларының микрофондарын өшіре алады. 

«Бұл опция біреу микрофонын өшіруді ұмытып кеткен жағдайда ыңғайлы болмақ», – деді компания басшысы. 

Сондай-ақ, Кэткарттың сөзінше, енді топтық қоңырауға бір адам қосылатын болса, бұл туралы барлық өзге қатысушыларға ескертілетін болады. Одан бөлек, қолданушылар қоңырау уақытында өзге қатысушыларға хабарлама жібере алады. 

Бұл опциялардың қашан іске қосылатынын компания директоры нақтылап айтпады. 

Бұған дейін, мессенджердегі чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіру мүмкін болатынын жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: