Жексенбі, 05 мамыр, 05:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Дерматомикоз ауруының 78 пайызы балалар арасында тіркелді

14.04.2023

956 0

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.

Аурудың бұл түрімен ересек адамдар да, балалар ауырады. Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Қызылорда облысында жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 87 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 5 жағдайға жоғарылаған. Аудандар кесімінде жоғары көрсеткіш  Жалағаш, Қармақшы, Шиелі аудандарына және  Қызылорда қаласына тиесілі.  Тіркелген  аурудың 68 жағдайы немесе 78,1 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Эпидемиологиялық талдау көрсеткендей, басым көпшілік жағдайда ауруды жұқтыру көзі ит-мысықтар екені анықталды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары дерматомикоздың алдын алу бойынша келесі іс-шараларды сақтауды еске салады:

-жеке гигиена ережелерін сақтау;

– азық-түлікті тек рұқсат етілген орындардан сатып алу;

– етті міндетті түрде термиялық өңдеуден мұқият өткізу;

– көкөністер мен аскөктерді  мұқият жуу;

– үй жануарларын күтіп-баптау кезінде гигиеналық талаптарды сақтау;

– иттерді уақытылы дегельмитациялау;

– балалардың иесіз кезбе ит-мысықтармен байланысын болдырмау.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері – аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер, теріде қызарған дақтар, бөртпелер пайда болу, дененің қышуы, ашуы пайда болған  жағдайда тез арада дерматолог көмегіне жүгіну қажет.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: