Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласы әкімінің есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді

02.02.2021

7248 0

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 4-10 ақпан аралығында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты есепті кездесу өтетін ғимараттарда орын саны шектеулі. Ал қатысуға ниетті азаматтарды барынша көбірек қамту мақсатында есептік кездесуді «Zoom» платформасы арқылы онлайн жүргізу қарастырылған және YouTube желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.️Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен қала әкімдігінің интернет ресурсында есепті кездесулердің өтетін орындары мен уақыттары және  халықтың ұсыныс-пікірлерін жинайтын жәшіктердің орналасқан мекен-жайлары жарияланды.

Осыған байланысты, Сіздердің тараптарыңыздан қала бойынша шешілуі қажет мәселелер туралы пікір немесе сауалдарыңызды кестеде көрсетілген жәшіктерге немесе осы ақпараттың астына (төменге) қалдыруларыңызға және 8 (7242) 27 00 81, 26 39 54 байланыс номеріне, сондай-ақ сауал иесі қосымша ақпаратты қала әкімдігінің whatsapp 8 702 887 11 11 желісіне жолдаса болады. Өз кезегінде қала әкімдігі әрбір көтерілген мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдайтындығын хабарлаймыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: