Сейсенбі, 23 шiлде, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Сора өсірген екі қызылордалық ұсталды

10.07.2022

455 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен сора өсімдігін өсірген 58 және 41 жасар қала тұрғындары далалық аймақта қылмыс үстінде құрықталды.


6 шілде күні Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, Потхоз елді мекенінен Жаңадария өзені жағасы далалық аймағынан қалың шеңгел арасынан 357 түп сора өсімдігі анықталды. Оқиға басынан заттай дәлелдеме ретінде палатка, газ баллон, плита, 20 литрлік құты, шелек, бөшке, 35 метрлік шланга, көрпе төсектер, 1-дана аккумулятор, 25 метрлік ұзартқыш, ыдыс аяқтар алынды.


Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес алынған өсімдіктердің жалпы салмағы 20 кг 927 гр «сора өсімдігі» болып шықты. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: