Сенбі, 02 желтоқсан, 10:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2002)
02.12.2023
PDF мұрағаты

Ұрылар алысқа ұзамады

04.12.2020

927 0

3 желтоқсан күні облыс орталығында  мұнай саласында жұмыс істейтін мекеме директорынан ұрлық жөнінде арыз түсті. Арызда көрсетілгендей  белгісіз тұлғалар серіктестіктің ғимаратынан темір торды бұзып,   қызметтік көліктердің 7 аккумуляторын және  кілттер жинағын ұрлап кеткен.  Келтірілген шығын көлемі  400 мың теңгені құраған. 

Полиция қызметкерлері жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде  3 қала тұрғынын «ізін суытпай» қолға түсірді.  

          Қазір күдіктілердің  басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының  3 – бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: