Сейсенбі, 19 наурыз, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Алаяқтарға алдану әлі де тыйылар емес

26.01.2021

1182 0

Қызылорда қаласының 38 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, алданды. Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні полицияға арызданған азаматша өткен жылдың тамыз айында «жұмысқа тұрғызып беремін» деп уәде берген танысына 2 млн теңге көлемінде ақшасын берген.

Арада айлар өтті. Алаяқтың арбауына түскенін түсінген азаматша полицияға жүгінеді.

          Тұрғынның ақшасын алып, алдап кеткен алаяқты іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде оңай олжаға кенелгісі келген 51 жастағы  азаматша ұсталды.

Бұл дерек  бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: