Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде кімдер миллионнан аса табыс табады: Еңбек министрлігі жалақысы ең жоғары мамандықтарды атады

11.07.2022

491 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жыл ішінде алынған мәліметтерді электрондық еңбек биржасында қорытындылап, сұраныстағы қазақстандағы жалақысы ең жоғары мамандықтарды атады, деп хабарлайды Stan.kz  ақпараттық агенттігі. 

Жалақысы ең жоғары, сұраныстағы мамандықтар:

  • өндірісті дайындау бойынша инженердің көмекшілері – 5 млн теңге;
  • дыбыс режиссерлері – 2,1 млн теңге;
  • инвестициялық жобалар бойынша директорлар – 1,9 млн теңге;
  •  гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындарының профессорлары – 1,8 млн теңге. 

«Электрондық еңбек биржасында ұсынылған ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары риэлторлар (орташа есеппен 900 мың теңге), бас құрылысшылар (824 мың теңге) және объективті бақылау жөніндегі инженерлер (800 мың теңге) болып табылады», – деп атап өтті министрлік.

Жыл басымен салыстырғанда бос лауазымдар саны 1,8 есеге артқан. Алайда ізденушілер арасында белсенділіктің төмендеуі байқалуда. Түйіндемелер саны жыл басынан бері 70,2 мыңнан, 59,9 мыңға дейін төмендеген.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бос орындардың басым бөлігіне ауыл шаруашылығы (10,8 мың бос орын), тұрғын үй объектілерін салу (9,8 мың бос орын), білім беру (6,6 мың бос орын) және өзге де қызметтер (5,8 мың бос орын) секторларының кәсіпорындары орналастырды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың жартысына жуығы (47%) Жамбыл облысына тиесілі.

Біліктілігі төмен қызметкерлерге сұраныс 2 еседен астам – 23,4 мыңнан 50,7 мыңға дейін өсті. Бұған себеп  ауыл шаруашылық бойынша маусымдық жұмысшыларды қабылдау.

«Соңғы айларда қосалқы жұмысшыларға, күзетшілерге, жүргізушілерге, санитарларға, мұғалімдерге, дәрігерлер мен медбикелерге деген сұраныс жоғары», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Біліктілігі жоқ жұмысшылармен қатар, сұраныстағы мамандықтарға: күзетшілер, жүргізушілер, аспаздар, электромонтерлар, сырлаушылар, тәрбиешілер, мұғалімдер, ас үй жұмысшылары және тағы да басқалары жатады.

Жыл басымен салыстырғанда бос лауазымдар саны 1,8 есеге артқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: