Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларларының бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне тауарларға бағаны негізсіз өсірген жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес жауапкершілік қаралатындығы айтылып, ескертпе хаттар таратылды.
Айта кету керек, бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шекті мәнінен 15 пайыздан асырмау жөнінде сала мамандарымен күнделікті мемлекеттік бақылау жасалынады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргендігі жөнінде тұрғындар тарапынан дәлелдеме құжаттарымен бірге шағым түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган арқылы тексеру жүргізілетін болады.
![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/07/293721000_3134001690199901_7358253154944029478_n.jpg)
![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/07/293688088_3134001950199875_4751850724205731378_n.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!