Сәрсенбі, 03 шiлде, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Оқу жылына дайындық қалай?

09.08.2022

724 0

Қазіргі уақытта жаңа оқу жылына дайындық өз деңгейінде жүргізілуде. Аймақ бойынша бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталған. Жаңа оқу жылында аймақта 17898 бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Дегенмен аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар шектеулер қойылуы мүмкін.

– Мектепке құжат қабылдау электронды түрде және қағаз түрінде 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өткізілді. Осы уақыт аралығында ата-аналардан 17371 өтініш түсіп, оның барлығы өңделді. Жаңа оқу жылына қабылданатын оқушылардың 89,7 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдады. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облысымыз республикада көш бастап тұр, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылатыны белгілі. Акция шеңберінде мыңдаған баланың мектепке баруына көмек беріліп, олар қуанышқа бөленеді. Аймақта бұл акция 30 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Өңірімізде осал топқа жататын 31 мыңнан астам бала болса, оның 13 мыңнан астамы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасына жатады.

– Биыл акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» тақырыбымен өткізіледі. Қазіргі таңда қайырымдылық акциясын өткізудің өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған сәйкес міндетті оқу қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімі жинақталуда. Аймағымыздағы ірі өндірістік компанияларға, шағын және орта бизнес ұйымдарына осы акцияға қатысу туралы өтініш жолданды. Бүлдіршіндерді өз қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге үлес қосқысы келетін кәсіпкерлер баршылық, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта ата-аналарды мектеп формасы алаңдатып отырғаны белгілі.  Ата-аналар мен заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысып, өз ұсыныстарын айта алады. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім мектеп жанындағы қамқоршылық кеңеспен келісу арқылы мекеме басшысымен бекітіледі. Айта кеткен жөн, арнайы форманы сатып алу міндеттелмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: