Сенбі, 07 желтоқсан, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Креативті экономиканы ауылдарда дамытуға мүмкіндік бар

22.02.2022

2086 0

Оқырмандарымызға белгілі, газеттің өткен нөмірлерінің бірінде креативті экономиканың елдегі даму жайын қозғаған едік. Оқырманға уәде бергеніміздей таныс та, бейтаныс саланың жайын кеңінен жазғанды жөн көрдік. Бұл жолы белгілі экономист Алтай Досжанның осы тақырыпта пікір білдіруін сұраған едік. Ол бұл саланың жай-күйін талдап, таразылап ұсыныпты. Экономист-ғалымның айтуынша, креативті экономиканы тек үлкен қалаларда ғана емес, ауылдарда да дамытуға мүмкіндік бар. «Креативті экономиканы мегаполистерде ғана дамыту қолайлы» деген пікірлерге қарама-қайшы әрі тың көзқарас болғаны рас. Ендеше, маман талдауына назар аударайық.

2021 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 74-ші съезінде әлемнің тұрақты дамуы үшін халықаралық креативті экономика (КЭ) жылы болып жарияланды. Креативті экономика жаһандық ЖІӨ-нің 3%-ын құрайтын әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сектордың бірі болып табылады. КЭ – біз әлемнің кез келген жерінен таба алатын шексіз, тұрақты, жаңартылатын ресурс. Пандемия және климаттық дағдарыспен бетпе-бет келген кезде, КЭ-ның адамға бағытталған, инклюзивті дамуға ықпал ету әлеуеті үлкен сала.

КЭ дегеніміз тек музыка, теледидар немесе кескіндеме сияқты «орындаушылық өнер» ғана емес. Бұл креативтік салалардың бөлігі, бірақ жалпы ауқымы әлдеқайда кең. Креативті индустрия ұғымы Ұлыбританияда және бүкіл әлемде соңғы 20 жылда дамыды. Концерт, театр, опера және балет сияқты орындаушылық өнер классикалық өнерден кино мен фотосуретті, сонымен қатар компьютерлік ойындар мен мобильді қолданбалар мен туризм де кіреді. 2001 жылы Ұлыбритания нақтырақ анықтама берді. Креативті индустриялар: «бұл жеке шығармашылықтан, шеберліктен және таланттан бастау алатын және генерациялау, пайдалану арқылы байлық пен жұмыс орындарын құру әлеуеті бар салалар. Сонымен қатар зияткерлік меншікті пайдалана алатын сектор.

КЭ жаһандық экономиканың маңызды және қарқынды дамып келе жатқан секторына айналуда. Бұл термин креативтілік, білім және тың ақпаратты коммерцияға айналдыратын қоғамдық өндіріс саласы. Бұл сектордың жұмыс орындары мен қосылған құнның ерекше генераторы ретіндегі маңыздылығы оның өнер, мәдениет, бизнес және технологияның тоғысқан жерінде орналасқан креативтілік деп аталатын салаларға негізделгендігімен және оларды біріктіретіндігімен анықталады.

Әдетте зияткерлік меншікпен ұсынылған креативті активтерді коммерцияландыру болып табылады. Креативті өнімді экономикалық құндылыққа айналдырудың ерекше нарықтық механизмі қалыптасуда. Бұл сектордың ерекшелігі – креативті экономиканың дамуында жетекші рөл мемлекеттің креативтілік, мәдениет, экономика және технологиялар арасындағы өзара байланысты тудыратынында. Интеллектуалдық капиталдың бірегей көзі және экономикалық қызметі бар. Қазақ экономикасы үшін оны жасампаздықпен қайта құрудың маңызы мен тиімділігі аймақтық өндірістің жасампаздық дәрежесімен анықталады. Креативті индустрия Ұлыбританиядағы үлкен жетістіктің бірі болып саналады. Дегенмен бұл табыстың нақты механизмі нарықтық институттарды қоғамдық өндірістің жаңа түрлеріне, секторлары мен сфераларына икемді түрде бейімдейтін британдық экономиканың нарықтық нысандарының жоғары дамыған жүйесінде жатыр. Бұл Қазақстан экономикасында нарықтық реформаларды дәйекті жүзеге асыруда оның стратегиялық элементі – жасампаздық саласының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен іске асырудың басты шарты.

КЭ – қазіргі уақытта ең танымал және перспективалы тақырыптардың бірі. Заманауи қоғамда КЭ-ге көбірек көңіл бөлу және олардың ең маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер мәселелерін шешудің жалпы үлгісі ретінде тез қабылдануында.

Тарихқа үңілетін болсақ, «Мәдени индустриялар» терминін 1947 жылы Франкфурт әлеуметтік философия мектебінің негізін салушылар Т.Адорно мен М.Хоркхаймер «Диалектикалық ағартушылық» еңбегінде енгізген. Бұл термин мәдениет пен экономика арасындағы бітіспес шиеленісті сипаттау үшін полемикалық түрде қолда-нылды. Термин авторлары «мәдениет индустриясы» құндылық нұсқауларды алып жүрмейді, адамды рухани

байыту мен ағартуға бағытталмайды деп есептеді. Шын мәнінде бұл ойын-сауық бизнесі. Бұқаралық мәдениет шығармашылық пен өз-өзін көрсетудің барлық басқа түрлерін ығыстырып, адамды өзін-өзі тануға және деградацияға әкелетін жасанды және жалған қажеттіліктерді тудыратын қазіргі уақытта бұл пікірді ақтауға болады.

Бұл мәселе жаһандану жағдайында барған сайын өзекті бола түсуде, мәдениеттердің бірігуіне, ассимиляциясына және олардың аясында адам өмірінің әртүрлі салаларында байқалатын гуманитарлық дағдарыстың күшеюіне алып келеді. Тұтастай алғанда, қазіргі қоғамдағы мәдени ұдайы өндірістің шығармашылық әлеуеті осы тәсілдің басқа, жоғары технологиялық және өнеркәсіптік өндіріске әсері мен креативті экономиканы қалыптастырудың арқасында айқын болады.

Креативті экономиканы дамыту Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені оның геосаяси орналасуы объективті түрде экономикалық дамуды Орталық Азия аймағымен және оның төңірегімен салыстыруға мәжбүр етеді. Сонымен қатар Қазақстанда креативті экономика секторларының мақсатты дамуы Қазақстанның кейбір аймақтарында жұмыс істеу және қаржыландыру тетігінің субсидияланатын құрамдас бөлігін айтарлықтай азайтуға нақты мүмкіндік береді. Ақырында, бұл Қазақстанға қысқа мерзімде көптеген қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл жұмыс күші артық жағдайда еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу жағдайын жақсартады. Қазақстандағы КЭ-ның жедел дамуы тұрақтылық пен экономикалық дамудың ұзақ мерзімді факторы саналады. Алайда мұндай дамудың Қазақстанның КЭ-ның жедел дамуымен байланысты проблемалары бар. Өкінішке орай, Қазақстанда креативті индустрия саласындағы жағдай күрделірек және түсініксіз. Ел басшылығы әзірше креативтілікті басымдық ретінде қарастырмайды.

Қазақстандағы КЭ-ның және олардың жұмыс істеу принциптеріне деген ғылыми қызығушылық соңғы жылдары айтарлықтай өсті, бұл қазақстандық экономиканы сапалы жаңарту міндеттерімен және дамудың инновациялық жолдарын іздеумен байланысты. Қазақстанның мәдени әлеуетін сақтауға және арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және халықтың экономикалық және өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған мәдениет саясатының стратегиясын жетілдіру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Ауылдың экономикасын нығайту, өмір сүру сапасын жақсарту және жергілікті активтерді игеру жолдарын іздестіруде. Көптеген ауылдық қауымдастықтар мен шағын қалалар қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр, соның ішінде қала шетіндегі халық санының тез өсуі, ауыл тұрғындарының азаюы, шаруа қожалықтары мен жұмыс істейтін жерлерді жоғалту. Ауылдық жерлерде креативті индустрияны дамытудың маңызды факторлары мен не-гізгі кедергілері бағаланады және «шығармашылық орын», «шығармашылық қолдау» және «шығармашылық адамдар» ұғымы аясында зерттеледі. Біріншіден, дамушы елдерге әлемдік экономиканың жаңа қарқынды дамып келе жатқан бағыттарына өтудің жаңа мүмкіндіктерін беру үшін, ауылды тұрақты дамыту үшін креативті индустрияның тетіктерін пайдалану. Екіншіден, Қазақстан үкіметі саясат жүргізуде қала-миллионерлерді көбейту. Басты дәлел, мұндай қалалар қоғамдағы инновация мен креативтілікті дамытуға жақсы жағдай болып табылады-мыс. Біз бұл саясатпен мүлдем келіспейміз. Қазақстан үшін бұл орасан зор территориясы бар, салдары өте қауіпті саясат. Дамыған Аустралия, Канада мен Еуропа елдерінде қала тұрғыны дамудың кепілі деп саналмайды. АҚШ 330 млн тұрғынымен бар жоғы 9-ақ миллионнан асатын қалалары бар, ал бізде 3 қала ондай атаққа ие. Сол себепті бұл теріс саясаттан арылумыз керек, керісінше, тұрғындарға өз жерінде қалатындай жағдай жасау керек. Сондай саясатты іске асыратын құрал ол креативті экономика.

Біз жергілікті жағдайларға байланысты Креативті индустрияға классификация жасауымыз керек. Бізде қазір Ұлыбританияның классификациясын қолдануда. Мысалы, 2018 жылғы Қытай классификациясына сәйкес, Қытай туризмді тәжірибеде де, заңнамада да креативті индустрияның негізгі экономикалық өсімі ретінде қарастырады. Кейбір ауылдық аймақтар, әсіресе жағалаудағы аудандар мен Сычуань провинциясы (теңізге шыға алмайтын провинция) табыс көзі мен экономикалық өсу үшін ұзақ уақыт бойы креативті туризмге арқа сүйеуде. Жалпы Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда креативті салалық тізімнің жіктелуін кеңейтуді ұсынамыз, мысалы, классикалық британдық классификацияда 13 категория бар. Оны біз негіз ретінде алып ары қарай жетілдіруіміз керек. Мысалы, біз Қытай мен Индонезия сияқты жергілікті жағдайларды ескеріп қабылдауымыз керек.

Бұл мақалада креативтілік, креативті индустрия және креативті туризм мен ауылдық жерлер арасында нақты байланыс бар екенін ұсындық. Ауыл тұрғындарының креативті туризмге белсене араласуы, өнім жасау және ынтымақтастық, шынайы тәжірибелер, сондай-ақ мәдени мұра, өнер, оқу және белгілі бір жердің бірегейлігі. Ауылдық муниципалитеттер үшін креативті туризмді дамыту креативті салаларда жаңа жұмыс орындарын ашуға және осындай салалардан түсетін кірістерді арттыруға, жергілікті халықтың өздерінің мәдени мұраларына деген мақтаныш сезімін жаңғыртуға, материалдық емес және материалдық мәдени мұраларды сақтауға, жергілікті қолөнер мен өнерді жаңғыртуға көптеген артықшылықтар береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: